Кеше кешке Qazaq Air әуекомпаниясы Алматы-Астана бағытындағы алғашқы рейсін ұшырды. Жұма күні тағы екі маршрут бойынша рейс іске қосылады деп хабарлайды Қазақстанның инвестиция және даму бойынша министрлігінің баспасөз-қызметі.
Алматы-Астана маршруты бойынша бірінші рейс алматылық әуежайдан 27 тамызда 21:10-да ұшып шықты. Астанаға ұшақ 23:15-те келіп қонды. Бүгін Qazaq Air әуе көліктері Алматыдан Павлодарға келіп қонуы қажет.
Әуе компанияның паркі Bombardier Q400 ұшақтарынан тұрады, эконом класта 76-78 орын бар.
Qazaq Air - "Самұрық-Қазына" қорының еншілес компаниясы. Әуекомпания 2015 жылдың сәуірінде ел ішіндегі өңірлерді әуе тасымалдарымен қамтамасыз ету үшін құрылды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024