Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Qazaq Air жолаушыларының саны 600 мыңға жетті

Qazaq Air жолаушыларының саны 600 мыңға жетті

Алматы. 28 маусым. 7kun.kz - Qazaq Air әуекомпаниясы 2018 жылдың бірінші алты айында жасалған операциялық қызметі жұмысы нәтижелерімен бөлісті. Осылайша жарты жыл ішінде Qazaq Air әуекомпаниясы Қазақстан Республикасы ішінде 10 бағыт бойынша қатынап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 55% көп жолаушыны тасымалдап үлгерді, деп компанияның баспасөз қызметі хабарлады. 

Qazaq Air компаниясының жалпы жолаушылар саны 600 мыңға жеткенін атап кеткен жөн.

«Биылғы жылдың наурыз айында Qazaq Air әуекомпаниясы жартымиллиондық жолаушысын тасымалдады, ал 2018 аяғына дейін 700 мың адамды тасымалдауды жоспарлап, бұл белгіні жылына 350 мың жолаушыға дейін жеткізбек», – деп мәлімдеді Qazaq Air әуекомпаниясының басқарма төрағасы Блэр Трехерн Поллок. Сонымен қатар, жоғарыдағы жылы әуекомпанияның жүктеме коэффиценті 76% құрап, былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 19% артқанның атап кетті. «Аталмыш жайт Қазақстан ішіндегі аймақтық әуетасымалының қарқынды дамуын дәлелдейді. Және де біз жолаушылардың қажетінен туындап отырған бағыттарды дамытуға тырысамыз» – деп қорытындылады Блэр Трехерн Поллок мырза.

Аймақтық әуетасымалмен қатар Qazaq Air әуекомпаниясы екінші жыл қатарынан Ыстықкөлге баратын чартерлік бағдарламасын жүзеге асыруда. Бұдан былай аталмыш туристтік мекенге оңтүстік астана тұрғындарымен қатар, еліміздің бас қаласынан да Алматы арқылы чартерлік рейстер орындалатынын атап кеткен жөн.

«Qazaq Air бас жетістіктерінің бірі, ол 2018 жылдың екінші жартысында алайын деп жатқан IOSA сертификаты. Бұл сертификат Халықаралық әуекөлік транспорты ассоциациасымен расталып, әуекомпанияның қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін куәландырады», - деп атап кетті Блэр Трехерн Поллок.

Похожие материалы