Алматы. 8 қаңтар. 7kun.kz – 2019 жылдың 8 қаңтарындағы жағдай бойынша, «Qazaq Banki» АҚ-ның 2 886 салымшысы агент банкке жүгініп, жалпы сомасы 14,4 миллиард теңгені құрайтын өтемақы алды. Бұл Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қорының Qazaq Banki салымшылары алдындағы міндеттемелердің жалпы сомасынан 71%-ды құрайды.
Салымшылардың 84%-ы ақшаны агент банктің кассасында қолма-қол алып, ал 16%-ы ақшаны агент банктегі немесе басқа да банктегі банк шотына аударуды таңдады. Қазіргі таңда ҚДКБҚ-ның жалпы міндеттемелер сомасынан төленбеген 29%-ы кепілдік берілген өтемді алуға әлі жүгінбеген 15 мың салымшыға арналған. «Qazaq Banki» АҚ салымшылары 2019 жылдың 24 маусымына дейін өтінішпен агент банкке кез келген уақытта жүгіне алады. Еске сала кетейік, 2018 жылдың 24 желтоқсан күнінен бастап, ҚДКБҚ Банк ВТБ агент банкі арқылы «Qazaq Banki» АҚ салымшыларына өтемақының төленуін жүргізіп жатыр.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024