Қазақ тілін білмей-ақ азаматтыққа кімдер өтініш бере алады – Смайылов жауап берді
Астана. 10 қараша. 7kun.kz – Премьер-министр Әлихан Смайылов қазір үкіметте қазақ тілін білмейтіндерге Қазақстан азаматтығын бермеу туралы қаралып жатқан заң жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Әлихан Смайылов Қазақстан азаматтығын беру кезінде қазақ тілінен кімдер емтихан тапсырмайтынын айтты.
«Кейбір категорияларға бұл талап қолданылмайды (азаматтық беру): этникалық қазақтар, кәмелетке толмағандарға. Халықаралық шарттарға сәйкес жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алатын адамдар да бар. Мәселен, Қазақстанда жақын туыстары тұрса немесе күйеуі немесе жұбайы қазақ болса немесе Қазақстан азаматы болса немесе Қазақстанға еңбегі сіңген азамат болса, олар тиісті шешіммен жеңілдетілген тәртіппен азаматтықты алады», – деді ол.
Үкімет басшысы қылмыс жасағандар мен заң бұзғандар азаматтық берілмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, аталған заң жобасы жақында Парламентке жетеді. Қазір ол Үкіметте қаралуда.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024