Алматы. 1 шілде. 7kun.kz — Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы аумағында арнайы экономикалық аймақ құрылады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры Күміс Сейітова хабарлады, деп жазды ҚазАқпарат.
«Қазақфильмді» жабу ойымызда жоқ. Біз киносутдияны дамытуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта киностудия аумағында арнайы экономикалық аймақ құру туралы сөз болып жатыр. Бұл мәселе әзірше талқылануда, ол министрліктің идеясы», - деді Күміс Сейітова.
Оның айтуынша, министрлік «Қазақфильмнің» кино фабрика немесе өндірістік цех ретінде жұмыс істеуін қалайды.
«Дегенмен, қалай болғанда да ақшаны бөліп отырушы болғандығын қаламаймыз. 2019 жылға дейінгі ахуалға тоқталсам, біз ақшаны «Қазақфильмге» жібереміз. Ал олар ақшаны бөліп, өздерінде түсірілім жұмыстарын жүргізеді. «Қазақфильм» төңірегінде үлкен сын да болды», - деді департамент директоры.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024