Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz – Режиссер Владимир Тюлькиннің «13 шақырым» және режиссер Берік Жахановтың «Ата кәсіп» фильмдері үстіміздегі жылдың 29 сәуір мен 4 мамыр аралығында Иранның Варег қаласында өтетін 9-ші Халықаралық кинофестивальдің басты байқауына қатысады.
Аталған екі кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.
Каспий маңы елдерінің фильмдеріне негізделген бұл фестиваль келесі тақырыптарға түсірілген туындыларға аса назар аударады, олар: салт-жоралғылар, ұлттық және діни дәстүрлер, аңыз-әңгімелер, поэзия, сондай-ақ ұлттық архитектура, қолөнер және шаруа жүргізу тәсілдері туралы фильмдер.
«13 шақырым» атты деректі фильм Серік Боданбаев есімді зағип туралы баяндайды. Қыстаудан өз ауылына қарай бет алған басты кейіпкер өз өмірінің елеулі сәттерін еске алып, өз бойындағы құндылықтарының сырын ашады.
«Фильм әлемдегі көптеген фестивальдерге қатысып, жүлделі орындардан көрінді. Енді міне, Ирандағы фестивальде бақ сынамақ», - деді фильмнің режиссері Владимир Тюлькин.
Ал, Берік Жахановтың «Ата-кәсіп» деректі фильмі «Қазақстанның түркі тектес халықтары» циклы бойынша арнайы түсірілген. Бұл деректі цикл көп ұлтты Қазақстанда тұратын түркі этносына арналған. Аталған деректі фильм өзбек ұлты туралы, оның ішінде ата-кәсіп – бесік жасаумен айналысатын 47 жастағы Абдуманат есімді шебердің өмірін баяндайды.
«Фильм Иранда көрсетілетініне қуаныштымын. Түсіру тобына және де маған сеніп, ерекше қолдау білдірген «Қазақфильм» киностудиясы «Деректі кино» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі Әсет Ерназаровқа алғысымды айтамын», - деді режиссер Берік Жаханов.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024