Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақфильмнің президенті ауысты

Қазақфильмнің президенті ауысты

Алматы. 12 тамыз. 7kun.kz — «Қазақфильмнің» президенті актер Арман Асенов болды. Бұл туралы киностудияда хабарлады.

"Арман Асеновті Қазақфильм ұжымына ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов таныстырды", - деді киностудияда.

Арман Асенов 1972 жылы 17 сәуірде Веймар қаласында (Германия) дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстанның кинопродюсерлері мен киноөндірушілері гильдиясының төрағасы. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты. Бірқатар мемлекеттік және мерейтой медальдарымен марапатталған.

1995 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын, 1998 жылы Мәскеудегі С.Эйзенштейн атындағы ХҚФК-нің жоғары режиссерлік курсын «Кино өндірісін, мәдени және бұқаралық бағдарламаларды ұйымдастырушы» мамандығы бойынша, 2000 жылы Мемлекеттік Қаржы институтын бітірді.

1995-2002 жылдары - актер, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ продюсері;

2002-2006 жылдары - «Казкинопрокат» бас директоры, кинопродюсер;

2006-2007 жылдары - Алматы қаласындағы Республика сарайы директорының орынбасары;

2007-2010 жылдары - Астана қаласындағы «Жастар» сарайының директоры;

2010-2014 жылдары - тәуелсіз директор, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Бәйтерек» ұлттық өндірістік орталығының бас продюсері;

2014-2015 жылдары - Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бірінші вице-президенті;

2015-2016 жылдары - "Қазақ Елі" тұңғыш ұлттық киносериалының бас продюсері;

2017 жылғы 6 қаңтардан бастап - "Республика сарайы" ЖШС директоры, кинопродюсер;

2019 жылдың 12 тамызынан бастап - "Қазақфильм" киностудиясының президенті.

Похожие материалы