Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Қазақмыс" корпорациясының акциясын голландиялық фирма сатып алады

"Қазақмыс" корпорациясының акциясын голландиялық фирма сатып алады

Алматы. 16 қараша. 7kun.kz — Голландиялық KCC B.V. 100%-дық еншілес компаниясы "Kazakhmys Copper "АҚ    " Қазақмыс корпорациясы " ЖШС-нің  бүтін 34 786 230 060 акция пакетін сатып алады, - деп хабарлайды Қазақстан қор биржасының (KASE) сайты.

 "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС жарғылық капиталына қатысу KCC B.V. үшін 173 млрд 610 млн теңгеге бағаланды", - делінген KASE-де жарияланған өтінімде.

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС - Қазақстандағы ірі мыс өндіруші. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында компания 14 млн 507 мың тонна кен өндірді. Қайта өңдеудің жалпы көлемі 15 млн 51 мың тоннаны құрады. Өңделген кендегі мыстың орташа құрамы 0,93%-ға тең.

2014 жылы "Қазақмыс" тобын қайта қалыптастыру негізінде "Қазақмыс" ЖШС (жекеменшік) және KAZ Minerals PLC (қоғамдық) компаниялары пайда болды. Коммерциялық  компанияға Қарағанды облысының кәсіпорындары мен объектілері және Шатыркөл кеніші кіреді. Ал Шығыс Қазақстан облысындағы жобалар мен Қырғызстандағы кен орны қоғамдық компанияның еншісінде қалды.

Барлық компанияларда бақылау Владимир Кимге тиесілі( 50 ең бай бизнесменнің рейтингісі №1 және Forbes Kazakhstan-ның 2018 жылғы ең ықпалды 50 кәсіпкерінің 2018 жылғы рейтингісінде №3). 

"Kazakhmys Copper" компаниясының жалғыз акционері - KCC B.V. , Нидерландыда құрылған және тіркелген жеке жауапкершілігі шектеулі серіктестік. KASE-де орналастырылған есептерге сәйкес, KCС B.V. соңғы бақылаушы тұлғасы Владимир Ким (70%) болып табылады, ал 30% үлесі Эдуард Огайға тиесілі.

Похожие материалы