Бүгін кешке қарай nur.kz порталы мен "Дикая Азия" телеграм каналы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС бас директоры Амангелді Минигуловтың ауыр жарақат алғанын хабарлады.
Оқиға кешкі 17.50 шамасында болған. Бас директордың кабинетінде корпорацияға қарасты "Кәсіп Қорған" кәсіподақ комитетінің төрағасы Тоғызбай Тәжбенов кірген. Артынша екеуінің арасында жанжал туып, кәсіподақ басшысы мылтық алып келген. Атып діттеген жеріне тигізе алмаған соң басшысына пышақ сермеген.
"Дикая Азия" телеграм каналының жазуынша басшының қасындағы компанияның даму жөніндегі директоры Сабыржан Тембаев та жарақат алған. baigenews.kz сайтының жазуынша жарақат алған әлеуметтік бөлім басшысы. Компания басшыларының екеуі де ауруханаға жеткізілген. Тәжбенов оқиға орнында өзін атқан. БАҚ оның қайтыс болғанын хабарлады.
Оқиға орнында полиция жұмыс істеуде.
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





