Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz – «Қазақмыс Холдинг» ЖШС 2018 жылғы өндірістік қызметін қорытындылады.
2018 жылы «Қазақмыс Холдинг» ЖШС 238,858 мың тонна катодты мыс өндірді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен (2017 жыл) 5,1 мың тоннаға артық (+2,2%). 3112 кг алтын құймалары өндірілді, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 2250 кг(2017жыл), өсім 862 кг (+38,3%).
Кендегі мыстың орташа мөлшері жыл қорытындысы бойынша 0,94%, жоспарланғаннан 1,1% жоғары.
Жалпы, 2018 жылы «Қазақмыстың» байыту фабрикалары 30,0 миллион тонна кен өңдеді.
2019 жылы «Қазақмыс Холдинг» ЖШС 238,6 мың тонна катодты мыс өндіруді жоспарлап отыр.
«Өткен жылдағы басты оқиғалардың бірі - Жезқазған мыс балқыту зауытындағы екінші кен қыздыру пешінің іске қосылуы. Екі пешті қолдану арқылы қосымша тағы да Бозшакөл және Ақтоғай перспективалық кен орындарынан алынған өнімді өңдей аламыз. Экологияға зиян келтірмей, жоспарлы қуатқа шығу Жезқазған мыс балқыту зауытына жаңа күкірт қышқылы цехының құрылысын салуға мүмкіндік береді. Ол екі бірдей кен балқыту пештерімен байланыста жұмыс істейді»,- деп атап өтті «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарушы кеңесінің Бас директоры Бақтияр Қырықпышев.
Қазақмыс – әлемдегі ірі күміс өндірушілердің бірі – 2018 жылы 238,3 тонна тазартылған күміс алынды. Корпорация кәсіпорындар мен аймақтарды электр энергиясымен қамтамасыз ететін ішкі электр станцияларына ие. Корпорациядағы жұмысшылардың жалпы саны шамамен 36 500 адам.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024