Алматы. 26 наурыз. 7kun.kz – Елордада Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысы өтуде. Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың төрағалық еткен алқалы жиын елордамыздың Нұр-Сұлтан қаласына өзгеруін қолдауға орай ұйымдастырылған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отырыс тізгінін қолға алған Мәулен Әшімбаев қазіргі уақытта еліміз тарихи кезеңді бастан кешіріп жатқанын атап өтіп, Елбасы өзінің президенттік өкілеттігін тоқтату шешімін барлық мәселені саралай келе сарабдалдықпен қабылдағандығын айтты.
«Елбасы ел мен халықтың мүддесін бірінші кезекке қойып, әрдайым дұрыс шешімдер қабылдайды. Сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қашанда біздің Елбасымыз, тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы тұлға, ел ішінде және халықаралық аренада орасан зор беделге ие әлемдік деңгейдегі саясаткер, аса көрнекті реформатор болып қала береді. Оның ерік-жігері мен табандылығының арқасында Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасты», - деген Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Тұңғыш Президентіміздің есімін елордамызға берудің маңызы зор екенін атап өтті.
Осы орайда ол Елбасың Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының және Nur Otan партиясының төрағасы болып қала беретіндігіне, мемлекеттің стратегиялық дамуына айрықша ықпал ететін тұлға болып қалатындығына тоқталды.
Айта кетерлігі, жиынға елдегі жетекші партиялардың басшылары, Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, кәсіби және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысып жатыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024