Астана. 3 шілде. 7kun.kz - Қазақстан агроөнеркәсіп өнімдерінің экспорт көлемін 600 млн долларға ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлім етті деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Осы жылдың ақпан айында Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа 5 жылдық мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Ол нарықта сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға бағытталған. Оны жүзеге асыру арқылы ауыл шаруашылығының жиынтық өнімінің көлемін 30 пайызға, ал агроөнеркәсіп кешені өнімдері экспортын 600 млн долларға арттыра аламыз», - деді ол.
Бірінші вице-министр Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін ҚХР, Ресей және Еуропаға экспортқа шығару келешегінің зор екендігін айтты. Қазақстанның негізгі ауыл шаруашылығы әлеуеті оның Азия елдері нарығына сапасы жоғары, экологиялық тұрғыда таза ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі жеткізуші болуына мүмкіндік беретінін атап өтті.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024