Қазақстан. 17 маусым. 7kun.kz – Алдағы жылдары Қазақстан газ, жарық және су тапшылығына ұшырайды. Мұндай қорытындыны Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мамандары жасады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың айтуынша, халық санының өсуі, экономикалық дамудың ерекшеліктері және жаһандық жылыну елдегі су тапшылығына әкеледі. 2040 жылға қарай тұтыну 46%-ға өсіп, су тапшылығы 12 текше шақырымға дейін жетеді.
1543 ауыл немесе 544 мың қазақстандық әлі күнге дейін таза ауыз сумен қамтамасыз етілмеген.
Сондай-ақ елде 2030 жылға қарай суармалы жер көлемін үш миллион гектарға дейін ұлғайту қажет. Ал гидротехникалық құрылыстардың әбден тозығы жеткен.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанда әлі күнге дейін су кадастры құрылмағандығын атап өтті. Су ресурстарын мониторингілеу жүйесінде де проблемалар бар. Республика бойынша 310 гидрологиялық бекет жұмыс істейді, ал негізі 800 бекет қажет.
Мәжіліс спикері осы мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар ұсыныстар айтты.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024