Алматы. 1 қазан. 7kun.kz – «Қазақстан Алюминиі» АҚ металлургтері глиноземның мерейлі 60-миллионыншы тоннасын шығарды, деп хабарлайды компанияның корпоративтік коммуникациялар қызметі.
1964 жылдың 20-қазанында сағат 22:00-де Павлодар алюминий зауытында алғаш қазақстандық глинозем шығарылған болатын. Содан бері павлодарлық алюминий тотығынан СУ-24 типіндегі ұшағының үш мыңнан астамын жасауға жететін алюминийдің 30 миллион тоннасы өндірілді. Егер глиноземның 60 миллион тоннасын вагондарға тиеп, бір эшелонға тұрғызсақ, ұзақтығы Владивостоктан Брестке дейін жетеді екен. Бүгінде отандық алюминий тотығы әлемнің 20 еліне жөнелтілуде. Олардың қатарында Ресей, Беларусь, Өзбекстан мен Еуропаның оңтүстік және орталық мемлекеттері бар.
«Біз глиноземды төмен кондициялық бокситтен өндіреміз. Әлемде ешбір зауыт мұндай шикізатпен жұмыс істемейтінін ерекше атап өткім келеді. Бірақ соған қарамастан, біздің алюминий тотығы әрдайым мінсіз сапасымен ерекшеленуде. 60 миллион біз үшін атаулы сан. Себебі оның негізінде үлкен мән-мағына жатыр. Бұл – «Қазақстан Алюминиі» АҚ барлық бөлімшелерінің, атап айтсақ, боксит пен әктасты өндіруден бастап глинозем шығаруға дейінгі буындардағы еселі еңбек. Сондықтан бүгін біз үшін атаулы дата – мерейтойлық тоннаның шығарылымы. Металлургтердің отандық экономиканың дамуына сүбелі үлесін қосып жатқанының айқын дәлелі бұл», – деді «Қазақстан Алюминиі» АҚ президенті Роман Романов.
«Қазақстан Алюминиі» АҚ инвестициялық бағдарламасы өндірістік қуатты қолдауға, атап айтсақ, қолданыстағы нысандарды қайта құру мен жаңғыртуға, құрылғыларды жөндеп, жаңартуға бағытталған. 2018 жылы 25,5 млрд теңге инвестиция құйылды.
Павлодар алюминий зауытында биыл іске асырылған ірі жобалардың қатарында гидрометаллургиялық цехтың төртінші телімінде №13 буландырғыш батареяның қолданысқа енгізілуін айтуға болады. Жоба «Қазақстан Алюминиі» АҚ инвестициялық бағдарламасының аясында өндірістік тиімділікті және жоспарлы-алдын алу жұмыстарының сапасын арттыру үшін жүзеге асырылды. Бұдан бөлек, глинозем өндірісіндегі технологиялық үрдістің сенімділігін, үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін декомпозиция торабын реконструкциялау бойынша ауқымды шаралар жалғасуда.
Биыл, сондай-ақ, біріктіру цехындағы газтазарту қондырғысын қайта жаңарту жөніндегі ұзақмерзімді бағдарламасын іске асыру басталды. Ондағы электрсүзгілер біртіндеп еуропалық стандарттардың талаптарына сай келетін заманауи қондырғыларға алмастырылатын болады.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024