Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Ауғанстанда сауда үйін ашты

Қазақстан Ауғанстанда сауда үйін ашты

Қазақстан Ауғанстанның Кабул қаласында сауда үйін ашты. Қазақстанның Ауғанстандағы төтенше және өкілетті елшісі Өміртай Бітімовтың сөзінше, қазақстандық өнеркәсіп иелері осы сауда үйі арқылы мемлекетте имортталатын азық-түлік тауарларының баламасын құра алады. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы сауда палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Отандық тауар өндірушілер мемлекеттің "Ауғанстан Экспо Центр" деп аталатын ең ірі сауда-көрме павильонында өздерінің жекеменшік өнімдерін тегін қоя алады. Павильон өкілдері жергілікті нарықта қазақстандық өндірушілермен серіктес болуға дайын. Сондай-ақ, жеке стендте кәсіпкерлер өздерінің өнімдерінің ерекшеліктері мен Ауғанстан нарығындағы сауда жөнінде ақпарат қалдыра алады", - деді жаңа сауда нысаны туралы Қазақстанның сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Мейірбек Мәжитов.

Айта кетейік, 2015 жылғы нәтиже бойынша Ауғанстаннан Қазақстанға 3 млн доллар көлеміндегі тауар импортталды. Ал Қазақстан Ауғанстанға 333 млн доллардың өнімін экспорттады.

Похожие материалы