Алматы. 15 шілде. 7kun.kz – 2019 жылы 60 мың автокөлік, 2020 жылы – 100 мың автокөлік шығару жоспарлануда, - деп мәлімдеді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр.
«Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 3,4% -ға өсті. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларында жағымды үрдіс бар … Биылғы жылы автокөлік құралдарының өндірісін 32-ден 60 мыңға дейін жеткізу жоспарлануда, ал келесі жылы өндіріс көлемін 100 мыңға дейін жеткізу жоспарлануда», - деді ол Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан Үкімет отырысында.
Скляр автокөлік өндірісінің өсуі нарық сұранысын қалпына келтіру және автонесиелеудің жеңілдетілген бағдарламасының іске асырылуымен байланысты екенін атап өтті.
Сонымен қатар, министр индустрияландыру картасы аясында ағымдағы жылы 12,6 мың тұрақты жұмыс орнын құрумен 449 млрд теңге сомасына 130 жоба іске асырылатынын хабарлады. Жобалардың басым бөлігі Түркістан, Алматы облыстарында және Шымкентте жүзеге асырылатын болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024