Алматы. 30 қыркүйек. 7kun.kz — Биылғы жылы арзан жаңа піскен көкөніс маусымы ерте аяқталды. Қыркүйек айында қырыққабат пен қияр бағасы тамыз айына қарағанда 15%-ға өсті. Сарымсақ 7,3%-ға, бұршақ 1,7%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Energyprom.kz.
Дегенмен, пияз (бір айда минус 25,2%), сәбіз (-22,8%), қызылша (-9%), картоп (-8,2%) сияқты маусымдық көкөністер арзандады. Сонымен қатар, жаңа піскен қызанақ бағасы тек 1,4%-ға арзандады, және бұдан әрі олардың бағасы да өседі.
Жемістер арасында апельсиндер (+4,3%-ға) айтарлықтай қымбаттады, банандар арзандады (-2,8%-ға).
Еске сала кетейік, 2019 жылдың тамызында Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің бағасы 2018 жылдың тамызымен салыстырғанда 5,5%-ға өсті. Бұл көрсеткіш бойынша ел бір жыл ішінде баға 5,7%-ға өскен Беларуське ғана жол берді. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлады. Ресейде тұтыну бағасы бір жыл ішінде 4,3%-ға, Қырғызстанда — 2%-ға, Арменияда - 0,6%-ға өсті. ЕАЭО-дағы жылдық жиынтық инфляция 4,4%-ға тіркелді.
Сонымен қатар, Қазақстан азық – түлік тауарларына бағаның өсуі бойынша ЕАЭО-ның барлық елдерін басып озды - жыл ішінде 9%. Бұл ретте Ресейде сегменттегі өсім - 5%-ды, Беларусьте — 6,2%-ды, Қырғызстанда - 3,7%-ды, Арменияда - 0,2%-ды құрады.
Мал өнімдері арасында қыркүйек айында жұмыртқа бірден 6,1%-ға қымбаттады. Мұздатылған балық бағасы 2,3%-ға, сиыр еті 2,1%-ға, жылқы еті 2%-ға өсті.
Қыркүйекте жармалардың ішінде тары (тамызға қарағанда 3,1%-ға) және күріш (+2,2%) айтарлықтай қымбаттады.
Сусындар мен бакалея тауарларының бағасы 1% шамасында өсті. Ал қант бір айда 4,6%-ға арзандады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024