Алматы. 4 қазан. 7kun.kz — 2019 жылдың жеті айында Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен 32,2 млн долларға сүт пен кілегей сатып алды.
ЕАЭО-тан аталған өнімдердің импорты 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,5%-ға төмендеді. Бұған статистикалық мәліметтер дәлел.
Төмендеу Ресейден келетін көлемнің 41,5%-ға 9,3 млн долларға дейін азаюы есебінен болды.
Алайда Қазақстан есептік кезеңде Беларусь пен Қырғызстаннан сүт пен кілегей жеткізуді тиісінше 11,6%-ға 18,8 млн-ға дейін және 13,4%-ға 4 млн-ға дейін ұлғайтты.
Осылайша, 2019 жылғы қаңтар-тамызда Беларусь пен Қырғызстаннан әкелінген сүт пен кілегейдің жалпы көлемі 22,8 млн долларды құрады, бұл 2018 жылдың осы кезеңіндегі осы елдерден келген жалпы көрсеткіштен 12%-ға көп.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024