Алматы. 11 қазан. 7kun.kz — Беларусь, Ресей және Қазақстанда ауру жұқтырғандардың шамамен төрттен бірінен дәріге төзімділігі бар туберкулез анықталды.
Жыл сайын дәрілік-резистентті туберкулезден 250 мыңға жуық адам көз жұмады. Өткен жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы күресті жандандыруға және 2030 жылға қарай індетті аяқтауға міндеттенді. Бірақ сарапшылар бұл мақсатқа қол жеткізуден әлем әлі де алыс деп санайды.
"Ауру "жаһандық қауіпсіздік үшін апатты салдарлардың ықтимал қаупі. Уақыт өте келе бактериялар мен вирустар оларды жоюға арналған емдеуге қарсы тұруды үйренеді. Егер дәрі-дәрмектер тиісті түрде қабылданбаса, жағдай шиеленіседі", - дейді Global Fund зерттеушілері (ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күресу жөніндегі жаһандық қор).
Дәрі-дәрмектерге төзімділік артып келеді. Емделіп жатқан адамдардың көпшілігі қалпына келе алмайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024