Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан бидай экспортын ұлғайтты

Қазақстан бидай экспортын ұлғайтты

Алматы. 25қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар-қарашасында Қазақстаннан бидай мен мезлин экспорты 5,5 млн тоннаны құрады. 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл көлем 49%-ға өсті.

Жеткізілген бидайдың жалпы құны 862,5 млн АҚШ долларын құрады, тауарлар экспорты бойынша түсім 48,8%-ға артты.

Астықтың ең үлкен көлемі Өзбекстанға - 250,6 млн долларға 2 млн тонна бидай жөнелтілді. Тәжікстан - 140,5 млн долларға 928,4 мың тонна, Қытай - 89,3 млн долларға 503,3 мың тонна, Ауғанстан - 59,5 млн долларға 315,4 мың тонна, Италия - 63,1 млн долларға 319,6 мың тонна, Түркия - 58,8 млн долларға 283,5 мың тонна астық сатып алды.

Өз кезегінде Әзербайжан 42,7 млн долларға 244,5 мың тонна, Түркіменстан – 34,8 млн долларға 218,8 мың тонна, ал Ресей 36,8 млн долларға 193,4 мың тонна бидай сатып алды.

Қазақстан 11 айда 2 млн тонна ұнды 396,4 млн долларға сатқан.

Бұл тауардың негізгі сатып алушылары Ауғанстан (253,4 млн долларға 1,2 млн тонна) және Өзбекстан (100,4 млн долларға 596,6 мың тонна) болды. Сонымен қатар, Түрікменстанға 55,5 мың тонна (15,4 млн доллар), 41,6 мың тонна Тәжікстанға (8 млн долларға), Қырғызстанға 28,8 мың тонна (6,6 млн доллар), Ресейге 29,6 мың тонна (4,4 млн доллар) және Қытайға 24,6 мың тонна (6,4 млн доллар) экспортталды.

Похожие материалы