Алматы. 12 қараша. 7kun.kz – Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жалпы сомасы 1,05 млрд еуроға еурооблигациялар шығарылымын табысты жүзеге асырды, - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Шығарылым екі транш еурооблигациялардан тұрады: 2023 жылы өтеу мерзімімен және 1,55% купон мөлшерлемесімен сомасы 525 миллион еуро, 2028 жылы өтеу мерзімімен және 2,375 пайыз купон мөлшерлемесімен 525 миллион еуро. Бұл ретте, АХҚО Биржасында 2028 жылы өтеу мерзімімен (айналым мерзімі 10 жыл) еурооблигациялар орналастырылған, олар бойынша сұраныс көлемі, 56,5 млн еуро қорытынды қанағаттандыру сомасымен (10 жылдық еурооблигацияларды орналастыру көлемінен 11%) 83 млн еуроны құрады.
Еурооблигациялар Лондон қор биржасының листингіне енгізілді және 10 жылдық транш сондай-ақ «Астана» Халықаралық қаржы орталығы биржасының листингіне енгізілген.
2018 жылғы 5 қарашада Лондонда прайсинг өткізілді, оған 25 трлн АҚШ долл. астам жалпы активтері бар 200-ден астам инвесторлар қатысты. Өтінімдер кітаюының көлемі шамамен 3,3 млрд еуроны құрады.
Қазақстанның еуродағы дебюттық шығарылымы бойынша қарыз алу құны жоғары мемлекеттік кредиттік рейтингке ие Мексиканың қолданыстағы теріс кірістілігіне жақын деңгейде бекітіліп, бұл шетелдік инвесторлар тарапынан Қазақстанға деген жоғары сенімділік пен қызығушылықтың бар екенін куәландырады.
Ағымдағы жылдың 29 қазанынан бастап 2 қараша аралығында Парижде, Франкфуртте, Амстердамда және Лондонда Қазақстан Республикасының Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері, Ұлттық Банкі және АХҚО өкілдері командасының 5-күндік роуд-шоуы өткізілді.
Қазақстан 2015 жылдың шілдесінен бастап сыртқы капитал нарығында болмады, бұл ретте еурода номинацияланған еурооблигацияларды орналастыру дебюттік болып табылады. Осылайша, еурода номинацияланған еурооблигациялардыың дебюттік шығарылымы еурода толыққанды теріс кірісвтілікті анықтайды, үкіметтің сыртқы борышының валюталық қоржынын әртараптандыруды және инвесторлық базаны кеңейтуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазақстандық корпоративті эмитенттердің ықтималы болашақ шығарылымы үшін бағалық бағдарын (бэнчмарк) белгілейді.
Осы орналастыру АХҚО-ның Биржасы үшін халықаралық капиталды тартудың орталығы ретінде АХҚО-ның даму жолында маңызды қадам болып табылатын дебюттік болды.
Мәміленің халықаралық ұйымдастырушылары ретінде Citi және Societe Generale, қазақстандық ұйымдастырушы – BCC Invest болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024