Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан ДЭФ рейтингінде 59-орында

Қазақстан ДЭФ рейтингінде 59-орында

Алматы. 18 қазан. 7kun.kz – Қазақстан Жаһандық бәсекелестік рейтингінде 59-орында қалды.

Дүниежүзілік экономикалық форум Қазақстанды «Еңбек нарығы» - 30 орын және «Бизнестің қарқындылығы» - 37 орын секілді факторлар бойынша бәсекелестік артықшылыққа ие деп белгілеген. Ал «Нарық көлемі» (45), «Білім және дағдылар» (57), «Тауарлар нарығы» (57), «Институттар» (61), «Макроэкономикалық тұрақтылық» (62) және «Инфрақұрылым» (69) факторлары бойынша Қазақстанның көрсеткіші орташа деңгейде бағаланған. Сонымен қатар, «Қаржылық жүйе» (100), «Денсаулық» (97) және «Инновациялық әлеует» (87) ДЭФ рейтингінде Қазақстанның факторлары әлсіз болып отыр.

2017 жылы республика сол позицияға ие болды.

Алғашқы үштікте АҚШ, Сингапур, Германия орналасқан. Тізімнің соңында Чад (140 орын), Йемен (139 орын), Гаити (138 орын) болды.

Похожие материалы