Алматы. 1 қараша. 7kun.kz – Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингінің 2018 жылғы 31 қазанда шыққан нәтижелері бойынша, Қазақстан соңғы 11 жылда өз рейтингін 36 тармаққа арттыра отырып, 190 елдің арасынан 28 орынды иеленді, - деп хабарлайды ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі.
Қазақстан ЭЫДҰ-ның Испания (30 орын), Франция (32), Польша (33), Португалия (34), Швейцария (38), Жапония (39), Түркия (43) сынды елдерді басып озды.
Еліміз жоғарыда келтірілген есеп негізінде реформаны көп жүзеге асырған, соның ішінде бизнесті жолға қоюды жақсартқан мемлекет ретінде аталады. Мысалы, 10 бағыттың 6 көрсеткіші бойынша жоғары ілгерілегендігін көрсетті.
Қазақстан өзінің «Миноритарлық инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша бірінші орнын сақтап қалды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024