
Алматы. 17 қазан. 7kun.kz — 2019 жылдың сегіз айында Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 13,3 млрд долларды құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 0,2%-ға артық, деп хабарлады Статистика комитеті.
Оның ішінде экспорт биылғы жылы шамамен 4 млрд доллар, импорт – 9,3 млрд долларды құрады.
Ресей Федерациясы Қазақстанның негізгі сауда серіктесі болып қалды. Оған республиканың ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы көлемінің 92,3%-ы, Қырғызстанға тек 4%, Беларусь – 3,6%, Арменияға – 0,1% тиесілі.
ЕАЭО елдеріне экспорттың тауарлық құрылымында минералды өнімдер, металдар және металл бұйымдары басым болды. Ал импорттың негізін машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар құрады.