Алматы. 26 тамыз. 7kun.kz – Әскери-көлік ұшақтарын Еуразиялық экономикалық одақ аумағына кедендік бажсыз әкелуді жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта бос аппараттың салмағы 13 тоннадан аспайтын әскери-көлік ұшақтарына 0% көлемінде баж орнату туралы ұсыныс талқылануда.
Еуразиялық экономикалық комиссияға елдің шекара қызметінің әуе кемелері паркін жаңарту үшін Қазақстан осындай ұсыныс жасады.
Бұл шара қабылданған жағдайда нөлдік баж 2023 жылдың аяғына дейін қолданылады. Бірыңғай кедендік тарифке сәйкес, қазіргі уақытта бұл тауарға импорттық баж құнның 8%-ын құрайды.
Бұл жобаны талқылау 2019 жылдың 12 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024