Алматы. 16 мамыр. 7kun.kz – Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі ЕАЭО-тағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім жобасын мақұлдады. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы қордың қоғамдық кеңесінде қаржы ұйымының өкілі хабарлады.
«Әр елден зейнетақыны экспорттауға және импорттауға жауапты уәкілетті ұйым тағайындалады. Бізден бұл - БЖЗҚ. Егер Ресей азаматы РФ-да белгілі бір уақытқа дейін өмір сүріп, содан кейін Қазақстанға көшіп кетсе, онда ол еңбек қызметін осында аяқтайды және тек БЖЗҚ-на жүгінеді. БЖЗҚ Ресейдің Зейнетақы қорымен байланысады және зейнетақы құқықтарын төлеуді қамтамасыз етеді», - деді «БЖЗҚ» АҚ стратегиялық даму және актуарлық есеп департаментінің директоры Камила Фазылова.
Сондай-ақ, бұл ереже ЕАЭО елдерінің еңбек мигранттарына да қолданылады.
«Отанына оралған жұмысшылар жұмыс істейтін ЕАЭО елінен зейнетақы алады деген болжам бар. Әрбір мемлекет Келісім күшіне енгеннен кейін тараптардың мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылы шеңберінде өз аумағындағы жұмыс кезеңдері үшін зейнетақының бір бөлігін экспорттауды жүзеге асыратын болады. Қазір құқықтар мен олардың көлемі туралы мәселелер реттеледі, әрі қарай осындай өтініштердің тәртібі әзірленетін болады», - деді спикер.
Сонымен қатар, БЖЗҚ-да зейнетақы жүйесі экономикалық достастық мемлекеттерінде әр түрлі жұмыс істейтінін атап өтті. Олардың үлгілері, зейнетақы құқығының пайда болу жағдайлары (зейнеткерлік жас, еңбек өтілі, жеке зейнетақы коэффициенті), сондай-ақ аударымдардың мөлшері мен көздері ерекшеленеді
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024