Қазақстан Еуропа елдерінің рейтінгісінде азық-түлікке ең көп ақша жұмсайтын ел атанды
Алматы. 12 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстан бұрынғы КСРО және Еуропа елдерінің ішінде тамақ үшін көп ақша жұмсайтын елдердің көшін бастады. Отандастарымыз табысының 53%-ын тамақ алуға жұмсайды. РИА Новости сарапшылары Еуропа елдерінің азық-түлік шығындары бойынша рейтингін жасады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Cарапшылардың айтуынша, шығын көлемі өмір сүру жағдайына қарай әр елде әртүрлі.
Тамақ үшін ең аз ақша бөлетін Люксембург тұрғындары екені анықталды. Олар тамақ үшін шығындарының 8,4 пайызын ғана жұмсайды екен. Содан кейін 10,6 пайызбен Нидерланды және Ұлыбритания тұр. Сондай-ақ Ирландия, Германия, Финляндия, Аустрия және Норвегия тұрғындары отбасылық шығынның 12 пайызын тамаққа жұмсайды. Сарапшылар аз ақша бөлетін елдердің көшін Батыс Еуропаның экономикасы дамыған мемлекеттері бастайды деп топшылады.
Ал тамақ үшін көп ақша жұмсайтын елдердің басым бөлігі бұрынғы КСРО мен Шығыс Еуропа мемлекеттері болып шықты. Рейтингтегі барлық елдің ішінде соңғы орында Қазақстан тұр. Қазақстандықтар табысының 53 пайызына тамақ алуға жұмсайды екен. Украина және Молдова тұрғындары да отбасы табысының 40-тан аса пайызын азық-түлікке жұмсайтын болып шықты.
Сондай-ақ Солтүстік Македония, Беларусь және Болгария тұрғындары табыстарының 35 пайыздан астамы азық-түлікке жұмсайтын елдер қатарында. Ресей рейтингте 31-орында.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024