Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Германияға титан өнімдерін экспорттайды

Қазақстан Германияға титан өнімдерін экспорттайды

Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz — Қазақстан Түрікменстан, Үндістан мен Германияға 30 млн долларға титан және ниобий өнімдерін экспорттайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, бұл елдерге 800-900 тонна қазақстандық өнім сатылады.

Сондай-ақ, титан 2020 жылдан бастап Жапонияға жеткізілетін болады.

«Динатрон-Қазақстан» компаниясы мен жапондық GOTAYIO компаниясы арасында жасалған шартқа сәйкес, 25 млн долларға 500 тонна жоғары таза титан мен 120 тонна ниобийді экспорттау жоспарланған», - деп толықтырды агенттік.

Айта кетейік, өнімді шетелге сату үшін зауыт басшылығы кәсіпорынды жаңғыртады. Атап айтқанда, үш цех салынады. Бұл жобаны жүзеге асыру 2019 жылы басталып, нысандар 2022-2024 жылдары іске қосылады.

Осылайша, қайта жаңартудан кейін зауыт титан, ниобий және цирконийден жылына 600 тонна жұқа парақ, 200 тонна шыбық, жылына 280 тонна сым, 150 тонна жұқа қабырға құбырлары, сондай-ақ 200 тонна ұнтақ өндіретін болады. Қызметкерлер саны 500-ден астам адамды құрайды.

Похожие материалы