Алматы. 21 қаңтар. 7kun.kz - Global Finance журналы технологиялық дамыған елдер рейтингін әзірледі. 67 елді қамтыған зерттеуде бірінші орын Норвегияға, екінші орын Швецияға, үшінші орын Нидерландыға бұйырды.
Рейтингті әзірлеушілер төрт интеграцияланған көрсеткішті пайдаланған, олардың үшеуі - технологиялардың қолжетімділігі мен таралуының стандартты көрсеткіштері: интернетті пайдаланушылар халықтың үлесі ретінде; смартфондарды пайдаланушылар халықтың пайызы ретінде; LTE пайдаланушылар халықтың пайызы ретінде. Ал пайдаланған төртінші метрика - IMD бәсекеге қабілеттіліктің дүниежүзілік орталығы әзірлеген сандық бәсекеге қабілеттілікті бағалау. Олардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау технологиялық білімге, жаңа технологияларды әзірлеуге дайындыққа және жаңа инновацияларды пайдалану және дамыту қабілетіне негізделеді.
Қазақстан бұл рейтингте 36 сатыдан көрінді. Осылайша, мемлекет Қытай, Италия, Сауд Арабиясы, Ресей және Түркия елдерін артта қалдырды.
Журнал Қазақстанның жоғары орны таңқаларлық екенін атап өтті.
«Тағы бір таңқаларлық жаңалық - 18 миллион халқы бар дамушы ел және жан басына шаққандағы ЖІӨ 8 830 долларды құрайтын Қазақстан Италия, Қытай және Сауд Арабиясынан жоғары. Бұл Қазақстанның әлдеқайда төмен және аз дамыған экономикасы бар екенін ескере отырып, таңқаларлық көрінеді. Алайда, 2012 жылы Қазақстан Үкіметі технологиялық инновациялар мен инвестициялар елді алдыңғы қатарлы елге айналдыру жөніндегі жалпы миссияның бір бөлігі ретінде қаралатын стратегия туралы жариялады. Үкімет Интернетке қол жетімділікті және смартфондардың енуін кеңейтті, сонымен қатар өзінің цифрлық бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, оған салыстырмалы жоғары балл берді», - деп жазды Global Finance.
Бұдан басқа, рейтингтің соңғы орындарынан Египет, Мьянма және Пәкістан көрінді.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024