Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан халқының санағы 2020 жылдың қазанында өтеді

Қазақстан халқының санағы 2020 жылдың қазанында өтеді

Алматы. 26 маусым. 7kun.kz — Қазақстан халқының ұлттық санағы 2020 жылдың қазанында өткізіледі. Үкіметтің 19 маусымдағы тиісті қаулысы Республиканың нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.

"2020 жылдың 1-30 қазаны аралығында Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу", - делінген құжатта.

Осы қаулымен үкімет санақ жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Жоспарға сәйкес санақтың алдын ала қорытындыларын жариялау 2021 жылдың II-IV тоқсандарына, соңғы қорытындылары - 2022 жылдың I-IV тоқсандарына белгіленді.

Қазақстанда Ұлттық халық санағы 10 жылда бір рет өткізіледі. Соңғы науқан 2009 жылы өтті және келесі 2019-да өтуі керек еді. Бірақ санақты дайындау мен өткізуге байланысты бірқатар ұйымдастыру сәттерін ескере отырып, оны 2020 жылы өткізу туралы шешім қабылданды.

2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша Қазақстан халқы 1999 жылғы санақпен салыстырғанда 6,8%-ға өсіп, 16 млн 4 мың адамды құрады.

Қазіргі уақытта республика халқы мемлекеттік статистика мәліметтеріне сәйкес 18,4 млн адамнан асады.

Похожие материалы