Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Халықаралық даму банкінен 345 миллион еуро қарыз алады

Қазақстан Халықаралық даму банкінен 345 миллион еуро қарыз алады

Астана. 17 қараша. 7kun.kz – Қазақстан Парламенті 345 миллион еуро қарыз алу туралы заң қабылдады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Қазақстан мен Халықаралық Қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды.

Жоспар бойынша қарыз толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталады. Қаражат республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік және басқа да мақсаттарға арналған бюджет шығыстарын жабуға мүмкіндік береді.

«Дүниежүзілік банктің 345 миллион еуро көлеміндегі қарызы Қазақстанға 11,5 жылға беріледі. Оның ішінде 2,5 жылға жеңілдік көзделген. Сыйақы ставкасы Еурибор және өзгермелі спредтен тұрады. Біржолғы комиссия да игерілмеген қарыз қалдығына есептелген резервтік комиссия 0,25 пайыз құрайды. Қарызға қызмет көрсету және оны өтеу келісімде белгiленген қаржылық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады», – деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Қарыз қаражаты келісім күшіне енгеннен кейін бірыңғай транш ретінде беріледі.

Похожие материалы