Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан ХВҚ-дан қаржылай қарыз алуды жоспарлап отырған жоқ – Ұлттық Банк

Қазақстан ХВҚ-дан қаржылай қарыз алуды жоспарлап отырған жоқ – Ұлттық Банк

Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагардтың Астана экономикалық форумына сәйкес өткізілетін ХВҚ Өңірлік конференциясына қатысуы оның сапарының негізгі мақсаты болып табылады. Бұл жайлы бүгін журналистерге ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматов хабарлады.

Қаржы реттеушісінің өкілі Қазақстанның ХВҚ тарапынан қаржылай қарыз алуды жоспарлап отырмағандығын атап өтті. Алайда техникалық көмекті алу шеңберінде ынтымақтастықты жалғастырады. Ғ.Пірматовтың айтуынша, 2014 жылы ҚР Ұлттық Банкі ХВҚ-ға инфляциялық таргеттеу режиміне көшу шеңберінде техникалық көмек көрсету, атап айтқанда ақша-кредит саясатының құралдарын пайдалану және талдау мен болжау жүйелерін жақсарту мәселелері бойынша өтініш білдірген.

«ХВҚ миссиясына ақша-кредит саясатын талдауда тәжірибесі бар әртүрлі орталық банктердің өкілдері кіреді. Практикалық тұрғыдан олардың консультацияларының маңызы зор және біз оларды жоғары бағалаймыз. Ақша-кредит саясаты бойынша шешімдер қабылдауда қолда бар болжамдау және талдау жүйесін жетілдіру мақсатында бұдан әрі де ынтымақтасуға дайынбыз», - деді Ғ.Пірматов.

ХВҚ өңірлік конференциясының 24 мамырда Астана қаласында жабық дөңгелек үстел форматында өтетінін, оған қатысу үшін Оралық Азия, Кавказ, Еуразиялық өңір елдерінің экономикалық тобының бірінші басшылары шақырылғанын еске саламыз. Конференция барысында өңірдегі ағымдағы экономикалық жағдайды және ортамерзімді перспективада тұрақты өсуге жәрдемдесуді талқылау жоспарланып отыр.

Похожие материалы