Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан импорт көлемін 13%-ға ұлғайтты

Қазақстан импорт көлемін 13%-ға ұлғайтты

Алматы. 29 шілде. 7kun.kz – Қазақстан ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден импортты 13%-ға ұлғайтты, осы көрсеткіш бойынша Одақ елдері арасында көшбасшы болды.

2019 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстан үшінші елдерден 8,3 млрд долларға тауарлар импорттады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға көп. Мұны Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметтері растайды.

13% өсу ЕАЭО елдерінің ішіндегі ең жоғары болды. Осылайша, Беларусь одаққа кірмейтін елдерден тауарларды 6,8 млрд долларға импорттады, бұл 2018 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 7,8%-ға көп. Ал, қалған елдерде импорт мүлдем қысқарды Ресейде – 1,5%-ға, Қырғызстанда – 15,1%-ға және Арменияда – 2,2%-ға.

ЕАЭО елдерінің үшінші елдерге экспортының тауарлық құрылымында минералды өнімдер (жалпы көлемнің 68,1%), металдар мен олардан жасалған бұйымдар (9,5%), химия өнеркәсібі өнімдері (5,8%) басым. Бұл тауарлардың шамамен 80%-ын Ресей сыртқы нарығында сатады. Импортта машина, құрал-жабдықтар және көлік құралдары (42,8%), химия өнеркәсібі өнімі (19,1%), азық-түлік тауарлары және ауыл шаруашылығы шикізаты (12,2%) басым үлеске ие. Бұл тауарларды ЕАЭО-дан тыс жерлерде сатып алу көлемінің 80% - дан астамын Ресей жүзеге асырады.

Похожие материалы