Иран санкция салынғанға дейінгі тәулігіне өндірілетін 4 млн баррель мұнай көлемін қайта қалпына келтірмек. Бұл жөнінде Астанада өткен баспасөз отырысында Иранның Қазақстандағы өкілетті елшісі Моджтаба Дамирчилу мәлімдеді.Солай болса, Қазақстан нарықтағы үлесін азайтып алуы мүмкін.
Өкілетті елшінің айтуынша, санкция салынғанға дейін Иран тәулігіне 4 млн баррель өндіретін. Оның ішінде 2 млн 100 баррель сыртқа экспортталатын. Кейін санкция жарияланған соң өндіріс көлемі азайып, күніне 1 млн тоннаға төмендеген.
- Санкция салынған сәтте иран мұнайына қатысты бірқатар шектеулер енгізілген еді. Енді Иран сол көлемді қайта қалпына келтіруге ниетті. Жарты жыл ішінде осы көлемді 1 миллионға, бір жылда 2 миллион тоннаға жеткізу жоспарланып отыр, - дейді Иранның Қазақстандағы елшісі.
Ираннан санкция алынған соң, Қазақстан нарықтағы біршама үлесін жоғалтып алуы мүмкін. 16 қаңтар күні АҚШ Президенті Барак Обама Ираннан экономикалық санкцияларды алып тастау туралы жарлыққа қол қойды. Естеріңізге сала кетсек, 2005 жылы Тегеранға жеке ядролық бағдарламасын даярлағаны үшін санкция жарияланған еді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024