Алматы. 12 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстан қауіпсіз, реттелген және тұрақты көші-қон жөніндегі Жаһандық шартқа қол қойған елдердің қатарына енді.
Марракеште арнайы үкіметаралық конференцияда БҰҰ-ға мүше елдердің көпшілігімен қауіпсіз, реттелген және тұрақты көші-қон жөніндегі жаһандық шарт мақұлданды. Конференцияға әлемнің 150-ден астам елінен келген делегаттар қатысты. Қазақстан атынан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Әлтаев Нұржан барды.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бұл шартты "азап пен хаосты болдырмауға көмектесетін жол картасы" деп атады. 2019 жылдың қаңтарда БҰҰ Бас Ассамблеясының келісім-шартын ресми бекіту жоспарланған.
Қазақстан қауіпсіз, реттелген және реттелетін көші-қон туралы Жаһандық шартқа қосылуды қолдайды. Шартта мүше мемлекеттердің халықаралық көші-қон саласындағы ынтымақтастықты жақсартуға ұжымдық міндеттемелері көрсетілген.
Айта кетейік, жаһандық шарт көші-қонға қатысты ортақ түсіністікті, ортақ міндеттер мен мақсаттардың бірлігін белгілейді.
Жаһандық шарт 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарының күн тәртібін басшылыққа алады. Сондай-ақ, құжат адам құқықтары саласындағы халықаралық нормалар мен стандарттарды басшылыққа алады. Осыған байланысты қабылданған міндеттемелерді жүзеге асыра отырып, мүше мемлекеттер олардың мәртебесіне қарамастан, көші-қон циклінің барлық кезеңдерінде барлық көшіп-қонушылардың құқықтарының тиімді сақталуын, қорғалуын және орындалуын қамтамасыз етеді.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024