Алматы. 29 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар-қарашасында Қазақстан 21,7 миллион долларға 79,7 мың тонна күріш экспорттады.
Нақты көлемде жеткізілім 11,2%-ға төмендеді, ал осы астықты сатудан түсетін табыс 11,5%-ға өсті.
Күріштің ең үлкен көлемі Тәжікстанға сатылды (29,4 мың тонна өнім 6,6 млн доллар).
11 айда Ресей 5,9 миллион долларға 25,4 мың тонна, Украина 2,6 миллион долларға 8,2 мың тонна , Әзірбайжан 3,2 миллион долларға 7 мың тонна күріш сатып алды.
Өз кезегінде Өзбекстан 4,3 мың тоннаға жуық астық (шамамен 1,3 млн доллар), Ауғанстан – 2,1 мың тонна (479,3 мың доллар), Моңғолия – 1,9 мың тонна (1 млн доллардан астам), ал Қырғызстан – 1,2 мың тонна (306,4 мың доллар) дәнді дақылдарды сатып алды.
Сонымен қатар Түрікменстан 68 мың тонна күрішті 40,8 мың долларға, ал Грузия 40 мың тоннаны 29,6 мың долларға сатып алды.