Алматы. 30 шілде. 7kun.kz — Қазақстан импорттық мал сатып алу бойынша қызметті қаржыландыруды күрт арттырды, деп хабарлады "Қазагро" АҚ Басқарма төрағасы Ербол Қарашукеев.
«2018 жылы холдинг мал шаруашылығын несиелеуге 114 млрд теңге бағыттады. Мал шаруашылығы құрылымында ет бағыты бойынша 96 млрд теңгеге, сүт бойынша 18 млрд теңгеге қарыздар берілді. 2019 жылы холдинг мал шаруашылығын дамытуға 134 млрд теңге жұмсауды жоспарлап отыр, бұл ретте қаржыландырудың 60% холдингтің еншілес компанияларының меншікті және тартылған қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі", – деді ол Үкімет отырысында.
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша холдинг мал шаруашылығын несиелендіруге 64 млрд теңге бағыттады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,5 есе артық.
"Етті мал шаруашылығы бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2018 жылы холдингтің қаржыландыруы есебінен 19 мың бас мал әкелінді, ағымдағы жылы 25,7 млрд теңгеге 38,8 мың бас ірі-қара мал әкелінді. Сонымен қатар, 28 мың бас ІҚМ әкелу үшін 17,6 млрд теңге қарыз берілді", – деді Қарашұқеев.
2019 жылы импорттық малдың 60%-ы Ресейден, Австралиядан – 12%-ы, АҚШ пен Чехиядан - 7%-ы, қалған елдерден - 10%-ы әкелінді.
Сондай-ақ, 2018 жылы 165 мың бас ұсақ мал сатып алуға, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында 210 мың бас мал сатып алуға қарыз берілді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024