Алматы. 25 қыркүйек. 7kun.kz – Астана мен Афина сауда-экономикалық қарым-қатынастардағы жаңа басымдықтарды белгіледі, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Қазақстан мен Грекия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзара тиімді әлеуетін пайдаланудың жолдары туралы Афинада өткен Қазақстан-Грекияның экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 4-отырысы аясында мүдделі сұхбат болды.
Комиссияның тең-төрағалары – Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Грекия сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Георгиос Катругалос - бірлесе атқаратын жұмыстың бағыттарын айқындап, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту тақырыптарына жан-жақты тоқталды. Сондай-ақ Грекияның Қазақстанның мемлекеттік бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі талқыланып, грекиялық қаржы институттардың «Астана» Халықаралық қаржы орталығымен тығыз ынтымақтастығы жөніндегі перспективалары қарастырылды.
Айта кетсек, соңғы екі жылда, яғни 2015-2016 жылдары белгілі бір құлдыраудан кейін, Қазақстан мен Грекия арасындағы екіжақты саудада оң үдеріс байқалады. 2017 жылы тауар айналымы 2016 жылмен салыстырғанда 10,5%-ға, яғни 980,6 млн долларға (оның ішінде қазақстандық экспорт – 964 млн долл.) ұлғайса, ал 2018 жылғы қаңтар-шілдеде, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, 20%-ға өсті (сауда көлемі – 750 млн доллар, ҚР-дан экспорт – 737,6 млн долл).
Сондай-ақ, жуырда Қазақстанда күн электр станцияларына арналған фотоэлектрикалық кешендерді дайындау, теңіз кен орындарын өңдеу бойынша инжиниринг және кірпіш шығару сияқты салаларда бірқатар жаңа бірлескен қазақ-грек өндірістері іске қосылды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024