Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz – Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы тауар айналымының көлемі 2018 жылы 87 млн АҚШ долларын құрады, ол 2017 жылғы көрсеткіштен 34,6%-ға артық (64 млн доллар). Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде хабарлады.
Бұл ретте Қазақстаннан Грузияға экспорт 2018 жылы 53,6 млн АҚШ долларын құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 38,5%-ға көп - 38,7 млн доллар.
2018 жылы Грузиядан келген импорт 33,4 млн долларға тең болды. 2017 жылы бұл көрсеткіш 28,9%-ға аз болды(25,9 млн доллар).
«Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр 2019 жылдың 2 айында тауар айналымының 29%-ға артуына әкелген өзара экспортты ілгерілету бойынша өткізілген жұмысқа оң баға берді (10-нан 13 млн долларға артты). Қазақстандық экспорттың көлемі де бидайды 11-есеге артық, сондай-ақ өткен жылы Грузияның нарығына экспортталмаған табиғи газ және резина мен пластмассаны өндеуге арналған құрал-жабдықтарды экспорттау нәтижесінде 29%-ға өсті», - делінген хабарламада.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024