Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz – Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Грузия үкіметі басшысы Мамука Бахтадземен келіссөздер жүргізді, - деп хабарлайды primeminister.kz.
Тараптар экономиканың жекелеген салалары және нақты инвестициялық жобалар бойынша тауар айналымының көлемін ұлғайту және номенклатурасын кеңейтуді қамтамасыз ету жөніндегі шешімдерді қабылдауға ниет білдірді. Соның нәтижесінде өзара сауда-саттық көлемдерін қысқа мерзімді кезеңде екі есе ұлғайтып, $300 млн жеткізу көзделген.
Транзиттік-көлік саласында, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту аясындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды. Бұл бағыттағы транзиттік тасымалдар 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін 13 еседен астамға артты. Биыл 120 мың контейнерге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Үкіметтік келіссөздердің қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды:
1. Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы 2019–2022 жылдарға арналған өзара тауар айналымының номенклатурасын кеңейту жөніндегі жол картасы;
2. ҚР үкіметі мен Грузия үкіметі арасындағы 2007 жылғы 6 наурыздағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама;
3. ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі мен Грузияның ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
4. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Грузияның еңбек, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі арасындағы әлеуметтік-еңбек саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
Тэги:
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024