Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 200-ден астам жүк көлігі кезек күтіп тұр
Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz – Қазақ-қырғыз шекарасында тағы да жүк көліктері жиналып қалды. Бұл жолы «Кен-Булун» бақылау бекетінде 200-дей ауыр жүк көліктері екінші тәулік шекарадан өте алмай тұр, деп хабарлайды Хабар 24.
Жүк көліктерінің шұбатылған кезегін әлі ешкім нақты түсіндірмеген. Әдетте Қырғызстан мен Қазақстанстан шекарасын тауары бар жеңіл көлікпен де кесіп өту қиын дейді жүргізушілер. Ал сарапшылар Қырғызстан тарапы қажетті талаптарды орындамайды деген пікірде.
«Жаңа жылдан кейін біз тауарларды тек электронды құжаттармен жөнелтуге міндеттелгенбіз. Өкінішке қарай, біз, Қырғызстан жағы, бұл талапты орындамай отырмыз. Электронды құжатсыз өтіп бара жатқан кез келген көлікке қазақстандықтар бақылау жасайды. Сол себепті шекарада 200-300 көлік тұр», дейді Қырғызстанның тасымал және логистер қауымдастығының төрағасы Темир Шабданалиев.
Шекарадағы ұзын-сонар кезекті қысқарту үшін Қазақстан тарапындағы бекет қызметкерлері көліктердің тиісті құжаттары бар-жоғын Қырғызстандағы бақылаушы органдар тексерсе дейді. Ал кезек күткен көлік жүргізушілері баяу қозғалыстың себебін білмейді. Сарапшылар болса сауда-саттық ережелері қатаң сақталуда деген пікірде.