Казақстан мен Қытай 24 млрд астам доллар сомаға 52 өнеркәсіптік жоба бойынша келісімдер жасасты, деп мәлімдеді бүгін Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше жəне Өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй «Бір белдеу-Бір жол: ҚХР-ның заманауи сыртқы экономикалық саясаты» атты халықаралық конференция барысында.
«Өндірістік қуаттылықтардағы Қытай-Қазақстан ынтымақтастығы өз жемісін беріп жатқандығы ерекше қуантады. 2015 жылы екі ел жалпы сомасы 24 млрд долларды құрайтын 52 ірі жоба туралы өз деңгейлеріндегі келісім мен келісім-шарттарға қол қойды», -деді Ч.Ханьхуэй.
Қытай елшісінің айтуынша, мемлекет басшылары Жібек жолы экономикалық белдеуі Тұжырымдамасы мен «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясатын түйістіру бойынша келісімге келді.
«Бұл бағытта тараптар жақсы жетістіктерге жетті, Ляньюньгань портында Қытай-Қазақстан терминалы құрылысының бірінші кезеңі аяқталды. Осылайша, Қытай Қазақстанға теңізге шығар жол ұсынған алғашқы ел болды», - деп түсіндірді ол.
Бұдан өзге, Орталық Еуропаға Қазақстан арқылы көліктік тасымалдаулар ашылды, екі елдің ауыл шаруашылығы өнімдерін ұтқыр тасымалдау іске қосылды, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының құрылысы аяқталып қалды.
«Осының бәрі Еуразия құрлығында созылған кешенді көліктік-логистикалық желіні құрайды», - деп атап өтті елші.
Сондай-ақ, ол Қазақстанның Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің құрылтайшысы ретінде қатысуы Қазақстанның қаржы саласында Қытаймен ынтымақтастығын кеңейтетінін айтты.
«Жақында ғана Президент Назарбаев қазақстандық арманды ресми жариялады. Екі елдің даму стратегиясы өзара байланысқан және бір-бірін толықтырады. Жібек жолы белдеуін бірлесе сала отырып, біз ұлттық ауқаттылық туралы арманымызды жүзеге асырамыз», - деп баса айтты ол.
Фото: nb.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024