Қазақстан мен Ресей өндірістік кооперация саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасын қабылдады
Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz – Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына сапары аясында Қазақстан-Ресей өндірістік кооперациясы саласындағы бірлескен іс-қимыл Бағдарламасына қол қойылды, - деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
Құжатқа ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мен РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров қол қойды.
Бірлескен іс-қимыл бағдарламасында өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, қазақстандық және ресейлік кәсіпорындар арасындағы екіжақты жобаларды Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеп тұрған және жаңа өндіріс базаларында іске асыру көзделіп отыр.
Бағдарламаның іске асырылуы Қазақстанда ауыл шаруашылық, жүк және жеңіл автокөліктер зауытын құруға, тыңайтқыш өндіру зауытымен қоса КАМАЗ, АВТОВАЗ, ГАЗ, ПАЗ және т.б. ресейлік компаниялардың қатысуымен автомобиль компоненттерін және қосалқы бөлшектерді 1,2 млрд. АҚШ долларына өндіруге мүмкіндік береді.
Өнеркәсіп екі ел экономикасын байланыстырушы буын, ал бірлесіп жүзеге асырылатын жобалар Қазақстан өнеркәсібінің дамуына қомақты үлес қосады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024