Қазақстан мен Өзбекстан шекараны демаркациялау туралы келісім жобасын мақұлдады
Алматы. 7 тамыз. 7kun.kz – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ұзындығы 2,1 мың шақырымнан асатын шекараны демаркациялау бойынша келіссөздер 2003 жылы қолға алынып, осы бағыттағы жұмыстар 2017 жылы жандана түсті, деп хабарлайды 7kun.kz.
2022 жылғы 25 шілде – 5 тамыз кезеңінде Алматыда Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республимен Өзбекстан Республикасы Үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарт жобасының мәтінін келісуді және шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттары жобаларының пакетін қалыптастыруды аяқтады. Келесі кездесу Өзбекстан Республикасында дипломатиялық арналар арқылы келісілген мерзімдерде өтеді.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024