Алматы. 18 ақпан. 7kun.kz – Numbeo жаһандық деректер базасының мамандары 2019 жылы әлем елдеріндегі өмір сапасының рейтингін жариялады.
Мамандар 71 мемлекет бойынша деректер жинады. Өмір сүру сапасы рейтингінде алғашқы үш орынды Дания, Швейцария және Финляндия иеленді. Алғашқы ондыққа Австралия, Австрия, Нидерланды, Исландия, Германия, Жаңа Зеландия, Норвегия кірді. Жапония мен АҚШ 12-ші және 13-ші орынға, Эстония 11-ші орынға тұрақтады.
Соңғы 71-ші орын Египетке бұйырды. Қазақстан 69-шы орынға табан тіреді. 2019 жылғы рейтингте Беларусь 37-ші, Ресей - 59-ші, Украина-62-ші орында.
Сарапшылар үздік елдерді анықтау үшін тұрғындардың сатып алу қабілеттілігін, қауіпсіздік көрсеткіштерін, денсаулық сақтау деңгейін, өмір сүру бағасын, жылжымайтын мүлік бағасын, жолға кететін орташа уақытын, ластану деңгейі мен климатты зерттеді.
Тэги:
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024