Алматы. 24 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстан ОПЕК+ мониторинг комитетіне қосылуға ұсынылды, - деп хабарлайды ТАСС.
ОПЕК конференциясының төрағасы, БАЭ-нің Энергетика министрі Сухейль аль-Мазруидің пікірінше, ОПЕК+ 2019 жылдың бірінші тоқсанында нарықтағы мұнайдың артығын жоюға үміттенеді.
Аль-Мазруи сондай-ақ, Қазақстаннан басқа, Иран мен Ирактың өкілдері ОПЕК-тің мониторинг жөніндегі комитетіне қосыла алатынын айтты. Қазіргі уақытта ол алты елден тұрады: Ресей, Сауд Арабиясы, Кувейт, Венесуэла, Оман және Алжир.
Бұған дейін хабарланғандай, ОПЕК-тің 5-7 желтоқсан күндері Венада өткен отырысында министрлер АҚШ-та өндіріс көлемінің ұлғаюы және Иранға қарсы санкцияларды жеңілдету есебінен мұнай жеткізу көлемінің артуы үшін 2019 жылы өндірісті төмендету мүмкіндігін талқылады. Кездесу ОПЕК+ келісіміне тараптардың күніне 1,2 млн баррельді қысқарту туралы келісіммен аяқталды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақтастықты нығайтатын жаңа мерзімсіз жарғыға қол қойылды.
Тэги:
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024