Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Премьер-Министрі Ұлттық экономика вице-министріне сөгіс жариялады

Қазақстан Премьер-Министрі Ұлттық экономика вице-министріне сөгіс жариялады
Алматы. 13 қараша. 7kun.kz - Қазақстанның Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев монополияға қарсы комитеттің жұмысына жетекшілік ететін Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғаринге сөгіс жариялады деп хабардайды Интерфакс-Казақстан. «Экономика министрлігін монополияға қарсы комитеттің жұмысын реттеуде қолдаймын. Менің өкіміме сәйкес осы салаға жетекшілік ететін вице-министр Жұманғаринге сөгіс жарияланды», - деп мәлімдеді Б. Сағынтаев сейсенбі күні Астанада өткен Үкімет отырысында. Бұған дейін Бас прокуратура жүргізген "Инвестицияның орнына тариф" бағдарламасының іске асырылуы тексерілді. Нәтижесінде энергия беруші компаниялар тарапынан 14 млрд теңге сомасында тұрғындарға келтірілген залал анықталды. Сондай-ақ, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар 15 млрд теңгелік заңсыз табысқа ие болған. Осыған байланысты 7 қарашада өткен Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында президент Нұрсұлтан Назарбаев Коммуналдық қызметтерге тарифтерді заңсыз арттыратын табиғи монополиялар субъектілерін жауапкершілікке тартуды талап етті. Мемлекет басшысы сондай-ақ Энергетика министрлігі мен экономика министрлігі басшылығын тарифтерді құруда анықталған тәртіп бұзушылықтар үшін өздері қалай жауапқа тартылатынын ескертті.

Похожие материалы