Алматы. 29 сәуір. 7kun.kz – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кезектен тыс президент сайлауында Президенттікке кандидаттарды ұсыну кезеңінің қорытындысы бойынша отырысы өтті.
«Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарды ұсыну сайлаудан кейінгі күннен басталады, яғни 2019 жылдың 10 сәуірінен бастап 28 сәуірде аяқталады», - делінген ҚР Орталық сайлау комиссиясының хабарламасында.
Заңнамада белгіленген құжаттарды Ортсайлаукомға 9 республикалық қоғамдық бірлестік, оның ішінде 4 саяси партия ұсынды. Тіркеу үшін қажетті құжаттарды келесі кандидаттар өткізді:
- Қасым-Жомарт Тоқаев («Нұр Отан» партиясынан);
- Әміржан Қосанов («Ұлт тағдыры «Біріккен ұлттық-патриоттық қозғалысы» ҚБ атынан);
- Садыбек Түгел («Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысы» ҚБ);
- Төлеутай Рахымбеков («Халықтық-демократиялық «Ауыл» партиясының ҚБ);
- Дания Еспаева («Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы»ҚБ);
- Амангелді Таспихов (Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Ассоциациясынан);
- Жамбыл Ахметбеков («Қазақстан Коммунистік халық партиясы» ҚБ);
- Талғат Ерғалиев («Құрылысшылар одағы» атынан);
- Жұматай Әлиев («Халық Демография» ҚБ).
Енді әрбір үміткер кемінде 12 облыста, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада 118 мың қол жинауы тиіс. Үміткерлерді тіркеу кезеңі 11 мамырға дейін жалғасады.
Еске сала кетейік, 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.