Экономика
Қазақстан Қырғызстаннан картоп кіргізуге рұқсат берді
Қазақстан Қырғызстаннан картоп әкелуге тыйым салуды кері шегерді деп хабарлайды ҚазТАГ ҚырТАГ-қа сілтеме жасап.
"31 мамырда Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Астанаға іс-сапары кезінде Қырғызстаннан Қазақстанға баратын картоп тасымалының шектелуін кері шегеру туралы мәселе көтерді. 4 маусымда біз екі ел арасындағы картоп тасымалын шектеудің кері шегерілгені туралы ресми мәлімдеме алдық",-деп хабарлады Қырғызстан үкіметінің агроөндірісті кешен және экология бөлімінің басшысы Алмаз Жээналиев дүйсенбіде. Сондай-ақ ол қырғызстан-қазақстандық шекарада фитосанитарлы бақылаудың кері шегерілуіне байланысты барлық қырғыздық тауарлар кедергісіз өтіп жатқандығын да атап өтті.
"Біз өткен жылы ЕАЭО-дағы әріптестерімізге карантиндік обьектілеріміз бар екендігі туралы ақпарат жіберген едік. Бірақ қазіргі уақытта барлық өңірлер картоп инфекциясынан тазартылды", -деді шенеунік. Оның сөзінше, қырғызстандық картопты енгізуге тыйым салғаннан бері қазақстандық жақ бақылауды да күшейткен.
"Енді шектеу кері шегерілгеннен кейін барлық өнімдер зертханалық қорытынды негізінде өткізіледі. Осыған байланысты барлық шаруалардан өнімдерді алдын-ала зерттеп, фитонсанитарлы сертификат алуды өтінеміз", - деді ветеринарлы және фитосанитарлы қауіпсіздік бойынша мемлекеттік инспекциясы директорының орынбасары Амангелді Исаев.
Еске салайық, 4 мамырда Қазақстан Қырғызстаннан келетін картопті әкелуге
шектеу салды. Ауыл шаруашылық министрлігі бұл шараны көрші елден келетін өнімнің зақымдалғанымен түсіндірді.