Қырғызстан. 21 шілде. 7kun.kz – Қазақстан Қырғызстанда Қамбар-Ата ГЭС-1 салу идеясын қолдайды. Бұл туралы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанда Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуінде айтты.
Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан трансшекаралық өзендердің су ресурстарын өзара тиімді пайдалану үшін бірлескен гидроэнергетикалық жобаларды жүзеге асыруға ерекше мән береді.
«Осы тұрғыда Қырғызстанда Қамбар-Ата ГЭС-1 құрылысының жобасы белсенді түрде талқыланып жатыр. Су электр станциясы Орталық Азия елдерінің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, ауыл шаруашылығы өндірісін кеңейту үшін жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді», - деді Тоқаев Орталық Азия мемлекеттер басшыларының IV консультативтік кездесуінде.
Тоқаев республика Халықаралық Аралды құтқару қоры аясындағы елдердің өзара іс-әрекетін нығайтуға шақыратынын айтып, қор аясындағы ынтымақтастық жалғаса беретініне сенім білдірді.
Қамбар-Ата ГЭС-1 су қоймасында 5 миллиард текше метр су жинауға болады. Қырғызстан үкіметі бұл су тапшылығының энергетика саласына тигізетін кері әсерін шешеді деген ойда.
Айта кетейік, Қырғызстанда Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі өтіп жатыр. Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан президенттері қатысуда.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024